$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Қоғам өкілдері сайлауға қатысты өз пікірлерін білдіріп жатыр

AstanaTV
28.04.2015ж. 20:00
1732
Қоғам өкілдері сайлауға қатысты өз пікірлерін білдіріп жатыр

26 сәуірде өткен сайлау елдің бірлігін паш етіп қана қоймай, әлемдік қауымдастықты мойындатқан саяси таңдау болды. Қоғамның әр саласы өкілдерінің, президент сайлауына қатысты пікірлері осындай. Сондай-ақ, олар дауыс беру әділ, әрі ұйымдасқан түрде өткенін тілге тиек етеді. Ең бастысы халық өз таңдауын жасады, дейді.

Александр Братенков, «Қоғамдық жоба» ұйымының директоры:

Санаулы күн бұрын өткен кезектен тыс сайлау еліміздің тарихындағы ең елулі оқиға екені сөзсіз. Бұрынғы Кеңес Одағы елдері ішінде Қазақстан тұрақтылық және экономикалық өрлеу тұрғысынан ерекшеленеді. Сауси науқан бұл тек біздің елдің азаматтарының ғана бірлігін көрсетіп қойған жоқ. Бұл - әлемдік қауымдастықты мойындатқан саяси таңдау болды. Бұл Елбасының баламасыз жеңісін паш етті.

Әлібек Қызайбай, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ студенті:

Мен өзім тұңғыш рет қатыстым бұл сайлауға. Ерікті түрде Елбасымызға қолдау көрсеттім. Сенім білдірдім. Себебі ел басшысының көрегендігі, салиқалы саясаты біздің елімізді жарқын болашаққа жетелейді деп ойлаймын. Және әрбір саналы азаматтың, елім деп елжіреген азаматың арманы, ол-кемел келешегі бар мәңгілік ел болу болса, оны іске асыруға кепіл болатын ел Президенті деп білемін.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ