Таразда облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын су
жаңа спорт сарайы пайдалануға берілді. 3 қабатты заманауи зәулім ғимаратты өңір
басшысы ашты. Бұл - облыста соңғы 2 жылда ашылған тоғызыншы спорт кешені. Жаңа
кешендегі жаттығуларды тамашалаған Жамбыл облысының әкімі жастарды жігерлендірді.
Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жаңа спорт кешені жамбылдық жастар үшін, Отан
қорғаушылар күні қарсаңында үлкен сый болды дейді. Құрылысы былтыр наурыз
айында басталған бұл кешенге облыс қоржынынан 531 млн теңге жұмсалған. Мұнда
күніне 500 адам жаттыға алады.
Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі:
Бүгін біз үлкен салтанатты түрде спорт сарайының ашылуына қатысып тұрмыз.
Біріншіден, бұл - Қарулы Күштер күнінің алдында, ҰОС 70 жылдығының алдында сарай
ашылу салтанаты құтты болсын.
Ашылу рәсімінен соң өңір басшысы жаттығу залына бірінші болып барып, жастарға
жол көрсетті. Спорт сарайындағы залдарды аралап, онда қойылған заманауи
құрылғыларды тексеріп көрді.
Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі:
Мен аптасына бір рет осы футбол ойнаймын. Жалпы өзімнің айналысатыным - волейбол. Қазір айтайын, волейболмен менің айналысқаныма 30 жылдан асып кеткен
шығар.
Жаңа кешен жамбылдық жастарды футбол, волейбол, су спорты, тир ату
секілді үйірмелерден бөлек, спорттың сан алуан түріне баулиды. Мұнда 60 орындық
асхана мен арнайы массаж бөлмелері де бар. Ал жастарға әсіресе су спорты түрлері
бойынша жаттығуға мүмкіндік беретін хауыздар ұнады.
Тегінболат Қабылбаев, жас спортшы:
Бұл спорт - негізі өте жақсы спорт. Су денсаулыққа пайдалы. Біздің
қаламызда екі бассейн бар еді. Осыған тағы бір бассейн қосылып отыр. Бұл
спорттан Қазақстанның дәрежесін көтеру үшін барлығын жасаймыз.
Жалпы ауданы 2 жарым шарты метрден асатын жабық спорт кешенінде енді түрлі
спортық сайыстар мен турнирлер өтетін болады. Жаттықтырушылар барынша оңтайлы
жағдай жасалған кешенде әлемге танымал талант иелерінің түлеп ұшарына сенімді.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ