$539.54 €637.09 ₽6.52
×

Танымал қазақстандық әнші Батырхан Шүкенов қайтыс болды

AstanaTV
29.04.2015ж. 10:00
  Танымал қазақстандық әнші Батырхан Шүкенов қайтыс болды

Танымал әнші Батырхан Шүкенов Мәскеуде қайтыс болды. Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, 52 жастағы өнер жұлдызы жүрек талмасынан көз жұмған болуы мүмкін. Батырхан Шүкеновтің «batyr.net» доменіндегі жеке сайтында қаралы хабар туралы ақпарат әлі жарияланбады. Ал, «Wikipedia» сайты әншінің қаза тапқан уақыты 28 сәуір 2015 жыл Мәскеу қаласы деп жазып үлгерген. Әлеуметтік желілерде осыған байланысты Кети Топурия, Алсу, Мейрамбек Беспаев және басқа да өнер жұлдыздары көңіл айтуда.

Есімі өнерсүйер қауымға кеңінен танымал қазақстандық әнші Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Өнер жолын саксофоншы ретінде бастаған жігіт 1988 жылы «А'Студио» тобының әншісі болды.Әншінің «Джулия» деп аталатын хит әні оны елге танымал етеді. Батырхан Шүкенов «А'Студио» тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер жолын бастаған.

Отандық бірқатар ақпарат сайттарының дерегінше, Батырхан Шүкенов туған жері Қазақстанда жерленеді. Оның денесі  Алматыға жеткізіледі деп күтілуде.

Жұрағат БАМАН