Президенттік
сайлаудағы жеңісімен Қазақстан басшысын Құрама
штаттар президенті құттықтады. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің
баспасөз қызметі хабарлады. «Америка құрама штаттары президенті Барак Обама
Нұрсұлтан Назарбаевты жаңа президенттік мерзімінің басталуымен құттықтап, Америка халқының атынан Қазақстан халқына жылы сәлемін жеткізіп, елге
бейбітшілік пен игілік тіледі», делінген хабарламада.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА