Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қарағанды облысында су тасқынына орай жарияланған төтенше жағдай алынуы мүмкін

AstanaTV
29.04.2015ж. 13:00
826
Қарағанды облысында су тасқынына орай жарияланған төтенше жағдай алынуы мүмкін

Қарағанды облысында су тасқынына орай жарияланған төтенше жағдай алынып тасталуы мүмкін. Апаттың негізгі салдары жойылуына орай, қазір облыс әкімдігіне осындай ұсыныс қаралуда. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды. Су басқан ауылдарда жағдай түзеліп келеді. Тұрғындар баспаналарына оралған. Барлық мемлекеттік органдар халыққа жан-жақты көмек көрсетуде. Арнайы комиссия  келген шығынның көлемін әлі есептеп жатыр. Әзірге 161 үйдің қирап қалғаны белгілі болды. Апатты баспаналарды бұзу жалғасуда.

Еске салсақ, 25 наурызда басталған су тасқыны екі аптаның ішінде 50 елді мекенге басып кірген еді. 2 мыңнан астам үй су астында қалған болатын. Сондай,-ақ, республикалық және облыстық маңызы бар жүздеген жолдарды су шайып кетті. Осыдан кейін 17 сәуірде Қарағанды облысының 9 ауданы мен 2 қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Айжан ҚУАШ


  

Алдыңғы жаңалық