$544.87 €639.02 ₽6.88
×

3 ЖЭО құрылысын аяқтауға бюджеттен ақша бөлінбейді

AstanaTV
10.02.2016ж. 20:00
1389
3 ЖЭО құрылысын аяқтауға бюджеттен ақша бөлінбейді

Астанадағы үшінші жылу электр орталығы құрылысын аяқтауға бюджеттен ақша бөлінбейді. Құрылысқа инвестор тартылады. Қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов осылай деді. Қазіргі уақытта жылу орталығының техникалық экономикалық негіздемесі қайта қаралып жатыр. Өйткені құрылыс созылып кеткендіктен, құжат ескірген. Бастапқыда өндірілген қуаттың өзіндік құны 16 теңгеге бағаланған еді. Ал қазіргі тариф 12 мен 30 теңге аралығында. Сондықтан жаңа жылу электр орталығы толықтай энергия үнемдегіш технологияға көшуі тиіс. Бұл өнімнің өзіндік құнының арзандауына әкеледі.

Қосман Айтмұхамбетов, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Келесі жылы жобалық-сметалық құжаттаманы реттейміз, содан соң инвестициялық байқау жариялаймыз. Өйткені 3-жылу электр орталығының екінші кезегі инвестициялық қаражатқа тұрғызылады. Бұл мақсатта бюджеттен бір тиын да қаралмаған.

Ал Үкіметтің жекешелендіру тізіміне іліккен «Астанаэнергосервистің» басшылығы компанияның сатылатыны жөнінде хабардар. Бірақ бұл шараға әзірге дайындық жоқ дегенді айтты.

Марлен Жакежанов, «Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары:

На сегодняшний день у нас такой работы нет. Никакой информации нет.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ