×

БАҚ:Қарашығанақ кенішінде технологиялық жұмыстар тоқтатылды

AstanaTV
08.05.2015ж. 13:00
1256
БАҚ:Қарашығанақ кенішінде технологиялық жұмыстар тоқтатылды

Қарашығанақ кенішінде технологиялық желілердің жұмысы шұғыл түрде тоқтатылды. Кеніш операторы алау құрылғысына орнатылған жылу изоляциясының астынан сұйық көмірсутегінің аққанын байқаған. Бүлінген жерді тексергенде алау коллекторынан ақау табылды. Қазір оның себебі анықталуда. Бұл туралы  ақпарат агенттіктерінің бірі хабар таратты. Мұнай-газ конденсатын өңдеп, экспортқа дайындайтын Батыс Қазақстан облысындағы  кешен шетелдік компаниялар альянсына тиесілі.

Айта кетейік, мұндай апат Қарашығанақта бұған дейін де болған. Былтыр қараша айында кеніштен шығарылған зиянды заттардың қалыпты мөлшерден асып кеткенін  облыстық прокуратура растаған еді. Осы апаттан кейін кеніш іргесіндегі Березовка ауылында 25 оқушы есінен танып құлады.
Өзін жайсыз сезінгендер қатары әлі де азаяр емес. Тұрғындар өздерін қауіпсіз жерге көшіруді талап еткенімен, бұл мәселе шешілмей отыр. Біз құзырлы органдарға бұл мәселеге түсінік беру жөнінде сұрау жолдадық. Ресми ақпар қолымызға тиеді деген сенімдеміз.

Еркін КАРИН