Қытаймен
шекарадағы «Қорғас»
кеден бекетінде жемқорлық схемаларына байланысты қаншама коррупционер ұсталса да, тәртіп
орнайтын түрі жоқ. Мәселен, былтыр 45 адам дәл осы жемқорлық әрекеті үшін
сотталып, олардың алды 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылғаны мәлім.
Арасында Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің жоғары шенділері де бар.
Не
может же человек 10 костюмов сразу купить и сказать, что это мне нужно. Или 20
пар обуви.
Бірақ
кейбіреулер 10-нан да көп костюм, 20-дан да көп туфлиді күн аралатып киеді.
«Өзім киетін киім, өзім тұтынатын тауар» деп, салық төлемейтін «сәнқойлар» «Қорғас»
бекетінен күніне 100 тонналап тауар алып
өтеді екен.
«Қорғас»
кеден бекетінің миллиард «сиқырлы май шелпегі» туралы ертең, 20.30-да,
«Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көріңіздер.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА