Қазақстандықтар
СМС хабарлама арқылы соғыс ардагерлеріне қаржылай көмек бере алады. Бұл
«Самұрық-Қазына» компаниясы мен серіктестері ұйымдастырған «Қажеттіліктер
картасы» жобасы арқасында мүмкін болды.
Бір хабарламаның құны 250 теңге. Ақша
ардагерлер одағының шотына түсіп отырады. Жалпы «Жеңіс» акциясы аясында 3 айдың
ішінде 4 мың ардагер «дабыл» қондырғысын алып, соның арқасында 93 қарияға дер
кезінде көмек көрсетілді.
Өмірзақ
Озғанбаев, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» РҚБ төрағасы:
Елімізде
бар Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің барлығына дерлік мына орысша тревожная
кнопка дейді, өмір белдеуі деп атаймыз, мынандай телефондар берілді. Бұл
телефондардың бір ерекшелігі - басы ауырмаған кезде қалта телефоны ретінде
қолдануға болады, басы ауырған кезде мына қызыл кнопка арқылы өзіне қажетті
көмекке не болмаса диспетчерлік көмекке бірден шығатын құрал ретінде
пайдалануға болады.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ