$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Жеңістің 70 жылдығына орай кезекті тосын сый Шымкентте жасалды

AstanaTV
08.05.2015ж. 20:00
1255
Жеңістің 70 жылдығына орай кезекті тосын сый Шымкентте жасалды

Жеңістің 70 жылдығына орай кезекті тосын сый Шымкентте жасалды. Шаһардағы Ордабасы алаңынан шыққан еріктілер тобы ұзындығы жетпіс метр болатын жеңіс лентасын қала көшелерімен алып жүрді.

Аспан түстес мерекелік таспаның салмағы - 50 келі тартады. Оны  әзірлеуге бірнеше күн жұмсалған. Шерушілердің көшін бастаған екі көлікке жиырма бес соғыс ардагерлері жайғасқан. Олардың соңынан екі жүздей белсенді жаяу ілесті. Ең ұзын лентаны көтерген шерушілер үш шақырымдай жолды жүріп өтті. Шара бір сағаттай уақытқа созылды. Бұл кезде көшедегі көлік қозғалысы тоқтатылды. Ең соңғы аялдама - Даңқ мемориалы. Бұл жерде Оңтүстік Қазақстан облысынан соғысқа аттанған 140 мың  майдангердің есімі тасқа қашап жазылған. 

Нұрсұлтан Тұрғанбек, ұйымдастырушы
:

Бұл акцияның негізі - біз 70 жылдыққа орай істеп отырмыз, және де біздің мақсаттың бірі - Шымкентті бүкіл Қазақстанға көрсету. Және болашақта тек 9 мамырда және басқа да күндерде де ардагерлерді еске алып, оларға кішігірім болса да, көңілдеріне жақсылық орнатсақ деген ойдамыз.

Маргарита Аюпова, соғыс ардагері:

Айрықша шараны ұйымдастырғандарға мен өте риза болып тұрмын. Айтарға сөзім жоқ. Осындай шара өтеді дегенді естіп, түнімен ұйықтай алмай, таңертең ең бірінші болып келдім. Өте керемет әсерде тұрмын.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ