Елордада жастардың бастамашы
болуымен «Жеңіс жолымен» акциясы өтті. Салтанатты шеру Жеңістің 70 жылдығына орай толық жаңартудан өткен «Қос жауынгер» ескерткішінен бастау алды. Белсенді жастар әуелі ескерткіш
алдына гүл шоқтарын қойды.
Шерудің дәл осы жерден бастау
алғаны бекер емес. 1941 жылы сол кездегі Ақмола аталған көшенің бойымен қазақ жауынгерлері соғысқа аттанған еді.
Қазір бұл көшенің атауы - Жеңіс даңғылы. Бүгінгі шеруге 2 мыңнан аса студент пен
мектеп оқушысы қатысты. Шерушілер легін «Мәңгілік полк» қозғалысы
бастады. Олар Ұлы Отан соғысы батырларының суреттерін қолдарына алып, 1,5 шақырым
жерді жаяу жүріп өтті.
Семен Андреев, медицина университетінің студенті:
Жастар батыр бабаларымыздың ерлігін ешқашан
ұмытпайды. Бұл акция арқылы біз басымызға күн туса, дәл сол кісілердей, жұмылып,
тойтарыс бере алатынымызды көрсеттік. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды.
Ләйлә
ҚАЗИЯҚПАРОВА