Бірегей
тұлға Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі
Әшімов бүгін 78 жасқа толды.
Аты аңызға айналған актер қазақ
киносын әлемдік деңгейге көтере білді. Әсіресе «Қыз Жібектегі» Бекежан, «Атаманның ақыры» кинотуындысындағы Шадияров
рөлдерін асқан шеберлікпен орындап, көрерменге кеңінен танымал болды. Әшімов режиссер ретінде де қазақ кинематографиясында жарқын із қалдыра
білген тұлға. Ол сахналаған Гогольдің «Ревизоры»,
Мүсіреповтің «Амангелдісі»
мен Аймауытовтың «Ақбілегі» сынды
спектакльдер көрерменін тәнті етті. Ал «Жылан жылы», «Шоқан
Уәлиханов»
тәрізді фильмдері де Асанәлі Әшімов режиссерлік еткен бірегей туындылар ретінде
қазақ киносында ойып тұрып орын алды.
Бүгін асқан талант иесі алғаш рет «Астана»
арнасының көрермендеріне ақтарыла сыр
шертеді. Марқұм болған жары Майра мен
ұлы Сағи жайындағы естеліктерімен бөліседі.
Асанәлі
Әшімов,
ҚР Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
Солай
болады енді, өмірдің философиясы.. Жас өлімі, кәрі өлімі... бәрібір бір өлім.
Өлді екен деп,
соның артынан өлуге болмайды ғой. Сондықтан шыдайсың. «Басқа
түскен баспақшыл»
дейді қазақта. Басқа түскенге шыдайды.
Бүгін
22.00-де «Астана» арнасында «Бірегей. Асанәлі Әшімов»
арнайы шығарылымы. Жіберіп алмаңыздар!
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА