Шетте жүрген азаматтардың да
сайлау науқанына қатысуына жағдай жасалады. Бүгінде Қазақстаннан тысқары
аумақта 15 мыңға жуық отандасымыз тұрып жатыр. Сыртқы істер министрлігінің
ресми мәліметіне сай, 51 елде 65 сайлау учаскесі ашылған. Оның бесеуі
Ресейде, төртеуі Қытайда, үшеуі Түркияда. Беларусь, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері,
Сауд Арабиясы және АҚШ-та екі учаскеден болады. Ал өзге 42 елде бір-бір учаскеден
жұмыс істейді.
Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз
қызметінің жетекшісі:
Сонымен қатар алдағы сайлауда
ақпараттақ тұрғыдан сүйемелдеу үшін, СІМ шетелдік БАҚ өкілдерін тіркеуде.
Қазіргі таңда 22 бұқаралық ақпарат құралынан 61 журналист тіркелді.
Құралай ПИОНЕР