Маңғыстау
облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан»
фракциясы мүшелері «Нұрлы жол»
бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысандардың құрылысын тексерді. Олар
Ақтаудағы жаңа ықшамауданда жүргізілген инженерлік желілерге назар аударды.
Құны 1 миллиард теңгені құрайтын бұл жоба жыл соңында аяқталады деп
жоспарланған. Ал жаңадан салынған 32«Б» ықшамауданында да кешенді
коммуникацияны дамыту жұмыстары қарқын алды.
Өркен
Бисақаев, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:
Жобаның
құны - 2,5 миллиард теңге. Оның 2 миллиарды Ұлттық қордан, қалған 500 миллион
теңге жергілікті бюджеттен бөлінді. Бұл жоба бізге ықшамауданның кез-келген
жерінен құрылыс бастауға мүмкіндік береді. Қазір жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Осыдан
кейін іске құрылысшылар кіріседі.
Аумағы
28 гектар жерді алып жатқан жаңа ықшамаудандағы үйлер "Қолжетімді
баспана" бағдарламасымен салынған. Партиялық комиссия аралаған мына 120
пәтерлік үйде де қоныс тойын тойлайтын сәт алыс емес. Үй құрылысына бөлінген
600 миллион теңгенің жартысы Ұлттық қордан қаралған.
Найзабек
Жайлау, Маңғыстау облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:
2013
жылы нақты құрылыс жобасы жасалынған. Соған сәйкес бұл жерде тұрғын үйлер,
балабақшалар, мектептер қаралған. Осының бәрі рет-ретімен қаралып жатыр. Басты назарда қолжетімді тұрғын үйлер
құрылыстары, жеке тұрғын үйлер, өзіңіз
көргендей, қарқынды жүріп жатыр.
Еркін КАРИН