$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Польшада президенттік сайлаудың алғашқы кезеңінің нәтижелері жарияланды

AstanaTV
12.05.2015ж. 10:00
1238
Польшада президенттік сайлаудың алғашқы кезеңінің нәтижелері жарияланды

Польшада президенттік сайлаудың алғашқы кезеңі қорытындыланды. Ресми нәтижелерге сай қазіргі ел президенті Бронислав Коморовский 33 пайыз дауыс жинаған. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, «Заң және Әділет» оппозициялық партиясының басшысы Анджей Дудаға халықтың 34 пайызы дауыс берген. Бұл үміткер Коморовскийге қарағанда 148 мың  дауысты артық  жинады. Ал үшінші орынды 20,8 пайыз дауыс жинаған кандидат Павел Кукиз еншіледі. Президенттіктен үміткер ретінде тағы 8 кандидат додаға түскен. Олар 5 пайыздық межеден аса алмады. Жалғыз әйел үміткер Магдалена Огурек  2,38 пайыз дауыс жинады. Польшаның Орталық сайлау комиссиясы қайта сайлау өтетін мерзімді 24 мамырға белгіледі. Өйткені, 11 кандидаттың ешбірі 50 пайыздан астам дауыс жинай алмаған.

Жұрағат БАМАН