$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Қазақстанда 2017 жылдан бастап футбол алаңдары сертификаттаудан өтеді

AstanaTV
12.05.2015ж. 10:00
1607
Қазақстанда 2017 жылдан бастап футбол алаңдары сертификаттаудан өтеді

Қазақстанда 2017 жылдан бастап футбол алаңдары сертификаттаудан өтеді. Қазақстан Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов Алматыда футбол қауымдастығымен кездесу барысында осыны мәлімдеді,-деп хабарлады Федерацияның баспасөз қызметі. Қожағапановтың сөзінше, инфрақұрылымды жақсартпай футболды дамыту туралы әңгіме айту бекер. Сондықтан Федерация сапалы футбол алаңдарының санын арттыруға көмек беретін болады. Алдағы уақытта  футбол алаңдары мен стадиондарға қойылатын талап  күшейеді. Биылдың өзінде Премьер Лига алаңдарының барлығы аудиттен өткізіледі, бұған шетелдік мамандар да тартылып отыр. Ал сапасы сын көтермейтін алаңдарда  матчтар өткізілмейді, - деді Ерлан Қожағапанов. Футбол әлемінде Қазақстанның имиджін көтеру мақсатында маңызды футбол додаларын өткізуге күш салынбақ. Қазірдің өзінде Астана 2018 жылы Еуропа Суперкобогын өткізуге өтінім берді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА