$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Пикассоның «Алжир әйелдері» картинасы ең қымбат сомаға сатылды

AstanaTV
12.05.2015ж. 13:00
2022
Пикассоның «Алжир әйелдері» картинасы ең қымбат сомаға сатылды

Әйгілі суретші Пабло Пикассоның «Алжир әйелдері» картинасы рекордты сомаға сатылды. Нью-Йоркетегі «Christie's» аукционында туынды 179 миллион долларға бағаланды. Бастапқыда сарапшылар картинаның құнын 140 миллион долларға дейін артады деп болжаған. Алайда бәс сәудаға телефон арқылы қатысқан бірнеше адам оның бағасын 160 долларға дейін көтерген. Осылайша каритнаның соңғы бағасы 179 миллион 365 мың долларға тұрақтады. Айта өтейік, «Алжир әйелдері» бұрын-соңды аукционға қойылған ең қымбат картина атанды. Пабло Пикассо оны 1955 жылы жазған. Бір жылдан соң туындыны автордың өзі 212 мың долларға сатқан көрінеді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА