×

Болашақта судьялар міндетті психологиялық тестілеуден өтуі мүмкін

AstanaTV
12.05.2015ж. 20:00
1882
Болашақта судьялар міндетті психологиялық тестілеуден өтуі мүмкін

Болашақта судьялар міндетті психологиялық тесттен өтуі мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Жоғарғы соттың Қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин мәлімдеді. Ол мамандандырылған магистратураны бітірген судьялыққа кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын күшейту мәселесіне тоқталды.

Судья атану үшін маман түрлі даярлық әрі сынақ кезеңінен жылдар бойында өтуі тиіс: 21-22 жас - бұл жоғары заңгерлік білім алатын кезең. 25-27 жас - Сот төрелігі институтының магистратура сатысында білім алатын уақыт. 28-29 жаста - маман бір жылдан үш жылға дейінгі сынақ мерзімінен өтіп, сот лауазымына тағайындалу үшін байқауға қатысуы қажет. Жоғарғы сот өкілінің ойынша, кандидат 30-32 жасқа жеткенде ғана, оны судья лауазымына тағайындауға ұсынуға болады. "Бұған қоса, енді Қазақстанда судьяларға мемлекеттік тілді білу міндеттеледі", - деді Абай Рахметулин.

Абай Рахметулин, ҚР Жоғарғы соты қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы:

Мамандандырылған магистратурада судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру барысында міндетті психологиялық тест енгізу қажет. Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру талаптарын қайта қарауды қажетсінеді. Германия тәжірибесін оған негіз ретінде алуға болады. Онда судьяларды дайындау жазбаша емтихан мен тәжірибелік оқытудың бірнеше кезеңімен жүргізіледі. Атап айтқанда, заңнамалық деңгейде ұсыныс институтын, «А» корпусына кандидаттарды іріктеудегідей, мемлекеттік тілді білуіне арналған тестілеуді енгізу мәселелерін қарастыру ұсынылуда. 

Берік ХАСЕНОВ