Қостанай облысындағы
Амангелді ауданы аумағында ақбөкендердің жаппай қырылғаны анықталды, - деп хабарлайды облыстық
орман және аңшылық шаруашылығының өкілдері. Түз тағысының қырылу фактісі Жолоба
елді-мекенінде тіркелген. Шамамен 117 киіктің өлексесі табылған. Қазіргі таңда
облыстық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының мамандары, жануарлардың жаппай қырылу себептерін анықтау жұмыстарын
бастаған. Ал, ветеринарлық қызметкерлер зертханалық сараптама өткізу үшін
патологиялық материалдар алған көрінеді. Жергілікті аңшылар, Тобыл өңірінде дәл
осындай оқиға 2012 жылы болғанын айтады. Сол кезде киіктердің пастереллез
дертінен қырылғандығы анықталыпты. Мамандардың болжамына сәйкес бұл жолы да
киіктер жұқпалы індетке ұшырауы мүмкін.
Марат Бегімбетов, Қостанай облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық
инспекциясының басшысы:
Бірнеше болжам бар.
Жұқпалы індет болуы мүмкін. Дәл қазір жаппай қырылудың нақты себебін айту қиын.
Зертханалық қорытындыға сәйкес оның себеп-салдары белгілі болады. Кеше
ветеринарлық қызметкерлер сараптама өткізу үшін материалдар алып, Қостанайға
жөнелтті.
Заңғар САНАЙ