Құрама Штаттардың
экс-президенті Билл Клинтон Ақүйге қайта оралғысы бар. Ол зайыбы Хиллари 2016
жылы өтетін президент сайлауында жеңіске жетеді деген үмітте. Бұл жайында ол
CBS телеарнасына берген сұхбатында айтты. Бұрынғы президент Хиллари Клинтонның әуелі
демократиялық партия атынан сайлауға қатысатын үміттілерден озып, кейін негізгі
сайлауға түсуі керектігін айтты. 1993-2001 жылдар аралығанда елді басқарған
Билл Клинтон жары жеңіске жетсе, өзінің Ақүйге оралары 100 пайызға анық деп
санайды. Сондай-ақ, ол Хиллари көш бастаса, Құрама Штаттардың дамуы жаңа сатыға
көтерілетінін де тілге тиек етті. Айта өтейік, Хиллари Клинтон демократиялық
партия атынан президент сайлауына түсуге ниетті екенін 12 сәуірде мәлімдеген
болатын. Ал, іс басындағы президент Барак Обама оның жақсы басшы боларына сенім
білдірді.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА