$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Керри: Мәскеу Минск келісімдерін толық орындайтын болса, Вашингтон Ресейге қарсы санкцияларды тоқтатады

AstanaTV
13.05.2015ж. 13:00
1080
Керри: Мәскеу Минск келісімдерін толық орындайтын болса, Вашингтон Ресейге қарсы санкцияларды тоқтатады

Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөзді жалғастыру керек. Сочиде Ресей басшысы Владимир Путин, елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров және АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің 4 сағатқа созылған кездесуі аяқталып, осындай қорытынды жасалды. РИА новости агенттігі  келіссөздер нәтижелі әрі ашық өтті деп жазады. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, тараптар Украина, Сирия мәселесін және өзге де өзекті тақырыптарды талқылады. Ушаков «келіссөздер нақты нәтиже бермесе де, Ресей мен АҚШ-тың арасын біршама жақындатты»  деген ойда. Лавров екі тарап арасында Украинадағы қақтығыстарға байланысты келіспеушіліктер әлі де бар екенін мойындады. Десе де, бұл мәселені бейбіт жолмен шешу керектігін екі жақ та жақсы түсінеді.

Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы:

Минск келісімі толықтай орындалатын болса, АҚШ пен Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкцияларын шешері анық.

Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:

Көзқарастарымыз бір арнада тоғысты деп айта алмаймын. Дегенмен кездесу екі тараптың сәл болса да түсінісуіне мүмкіндік туғызды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА