Теміртауда
БТР жеңіл көлікті жаншып кетті. Әскери техниканың табанынан аман қалған 24
жастағы жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Жол-көлік
апаты Теміртаудағы Ушинский мен Каршоссе көшелерінің қиылысында болған. Қатты
жылдамдықпен келген әскери техника «Лада Приора» автокөлігінің үстіне шығып
кетіпті.
Көлік апатына кімнің кінәлі екенін полиция анықтап жатыр. Дегенмен,
бронетранспортер жеңіл көлікке жол бермей қойған деген болжам бар. Сондай-ақ,
ауыр техниканың Теміртаудағы 5516 әскери бөліміне тиесілі екені белгілі болды.
Ол Қарабас елді мекеніндегі полигонға әскери оқу-жаттығуға кетіп бара жатқан
көрінеді. Ауыр жарақат алған жеңіл көлік жүргізушісінің жағдайын дәрігерлер
орташа деп бағалап отыр.
Дина
Байдақова,
Теміртау қалалық орталық аурухана дәрігері:
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жігіттің жағдайы орташа. Жамбас сүйегі, бірнеше
қабырғасы және бұғанасы сынған. Басынан алған соққыдан миы шайқалған. Дегенмен,
өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Бақытжан
Құдияров,
Қарағанды облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:
Әскери
көлік пен автокөліктің соқтығысуы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК
345 бабы, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары
жүргізіліп жатыр.
Айжан ҚУАШ