26 мамырға
жоспарланған «Союз ТМА-17М» ғарыш кемесінің ұшырылымы екі ай мерзімге
шегерілді. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлайды. Ұшырылым күнінің өзгеруіне «Прогресс» жүк кемесінің
орбитада жоғалуы себеп болып отыр.
Бүгінде Мәскеу Халықаралық ғарыш
станциясындағы ғарышкерлер тобының үш мүшесін жерге кері қайтармау туралы шешім
қабылдады. Керісінше, маусымда олардың қатарына кезекті экспедиция жөнелтілмек.
Станциядағы ғарышкерлер жерге 14 мамырда оралуы тиіс-тін.
Еске салайық, «Союз»
тасымалдағышына тиелген «Прогресс» жүк кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан 28
сәуірде ұшырылған болатын. Дегенмен, орбиталық станцияға жетпей, жерді
айналумен болды. Өткен аптада жүк кемесінің атмосфера қабаттарында жанып,
бөлшектері Тынық мұхитына құлағаны хабарланды.
Жұрағат БАМАН