Ресей
Қазақстаннан жалға алған 500 мың гектардан астам жерді қайтаратын болды. Жалдау
ақысы 1 млн 4 жүз мың АҚШ ақшасына жуық қаржыға қысқармақ. Екі ел арасында жерді әскери мақсатта жалдау
хаттамасына сонау 1995 жылы қол қойылған. Және ол 2020 жылға дейін жалғасады.
Яғни алдағы төрт жылда жалдау құнын қымбаттату мәселесі шешілмейтін көрінеді.
Жердің құны неге тым арзан? Айгүл Әдепбай білуге тырысты.
Жоғарғы палатаның жалпы отырысында Қазақстан-Ресей арасындағы жер пайдалану
хаттамасына енгізілген өзгерістер «ә» дегеннен сынға ұшырады.
"Қазақстаннан жалға алып отырған жерге Ресейдің төлейтін ақысы барып
тұрған абсурд". Мұрат Бахтиярұлы осылай деп ашынады. Американы мысалға
алған сенатордың айтуынша, АҚШ Германияның жерін жалға алып отыр. Төлейтіні 1,5
млрд евро.
Мұрат
Бахтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Біз
бір га не бары 291 тг төлейміз. Қаншама үлкен жер. Әрине, түсінеміз. Қазақстан
Ресей әріптес, мемлекет, дос. Америка мен Германия да дос. Бір НАТО-ның
мүшелері. Осы тұста біздің экономикалық мүддемізге қайшылықтар жоқ па?
Оқас
Сапаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
1995
жылғы келісім дедік қой. Олардың әлі мерзімі біткен жоқ. Олар бағанағы айтақан 2019-2020 жылдары бітеді. Сол кездері бүкіл нені қайта қараймыз.
Бүгінде
Ресей 10 млн гектардай жерді жалға алып отыр. Жалдау ақысынан Қазақстан
қазынасына жылына 24 млн көк қағаз түседі. Енді бұл төлем азая түспек. 2016
жылдан Ресей Қазақстанға жалдамалы жерлер үшін төлейтін сомасын 1 млн 373 мыңға
дейін қысқартпақ. Өйткені 500 мың гектардан астам жер өзімізге қайтарылды.
Осының арқасында қаржы үнемдейтінін айтқан Ресей Мемлекетік Думасы басшысының
сөзін ақпарат құралдары таратқан.
Сергей
Нарышкин, РФ Мемлекеттік Думасының спикері:
Ресей
қорғаныс министрлігі Қазақстанда жалдап отырған әскери полигондардың
қолданылмай жатқан аумағын қысқартты. Бұл келісім жылына 4 млн доллар үнемдеуге
мүмкіндік береді.
Ал
жалға берілген полигондардың әр гектары үшін 2 АҚШ валютасы деген есеп қайдан
шықты деген сұраққа қорғаныс вице-министрі тосылып қалды.
Оқас
Сапаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
- Қалай
есептедіңіздер? - Ну, это в 1995 году.
Осылайша
көрші елге су тегін беріліп отырған жерді өзіміздің шаруалар бір жарым-екі мың
теңгеге сатып алады.
Мұрат
Бахтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бір
гектар жер. Біздің өзіміздің қазақ азаматы жайлымдық жерді алған кезде 2 мың
теңге көлемінде алады. Ал енді біз басқа мемлекетке жалға беріп жатқан кезде, оның бағасы мың теңгеге жетпейді. Абсурд па, абсурд емес пе, қараңыздар. Абсурд
қой.
1995
жылы қабылданған келісімде Ресей жалға алған жерлерден қазба байлықтар табыла
қалса, ол Қазақстанға қайтарыла ма деген мәселе қарастырылмаған. Құжатқа енгізілген бүгінгі өзгерісте де ол сұрақ
қозғалмады.
Қуаныш
Айтаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Тағы
бір хаттама жасауымыз керек пе? Неге осы хаттамада немесе келісімшартта жазып
қоймадық. Егер барлау барысында кен орындары табылса, ол кен орындары сол
уақытта Қазақстанның аумағына беріледі деп, неге жазып қоймадық?
Оқас
Сапаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
Тағы
келіссөз жүргізіп жатырмыз. Соның ішінде, өзіңіз білесіз, осы басты келісім
19-20 жылдары бітеді. Сонда толық басқаша қараймыз.
Қасым-Жомарт
Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Сіз
бос уәде бермеңіз. Келешекте ешқандай келісім болмайды. Қазір қол қойылғаннан
кейін, басқа келісім болмайды Ресей Федерациясымен. Олар келісім бермейді бұндай
жағдайға.
Осылайша,
палата спикері бар сұрақтың жауабын қысқа қайырды. Сенат Қазақстан мен Ресей
арасындағы сынақ орталығы мен жауынгерлік алаңдарды жалдау туралы шартқа
өзгерістер енгізу хаттамасын
қабылдады. Ол бойынша Атырау мен Батыс Қазақстан облыстары аумағындағы полигон учаскелері
жалдаудан шығарылады. Енді ол аймақтардан табылған қазба байлықтар ел кәдісіне
игерілмек.
Айгүл ӘДЕПБАЙ