Алыс-жақын шет елдерден келген 500 -ден астам адам Қазақстанның азаматы атанатын болады. Бұл жөнінде Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мәлім болды. Қазақстан азаматтығын алу және одан шығару мәселелері қаралған отырыс барысында мемлекеттік хатшы тәуелсіздік жылдарында 956 мыңнан астам адам азаматтықты қабылданғанын атап өтті. Оның басым көпшілігі соңғы жылдардың үлесіне тиеді.
Сондай-ақ, ол Қазақстан азаматтығын алуға ниеттенген әлемнің әр түрлі елдеріндегі адамдар санының өсе түсуі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық сындарлы және халықаралық деңгейде танылған мемлекеттік саясатының жарқын көрінісі екенін атады.
Базаргүл
ОТЫНШИЕВА