«Ақтаудағы шағын газ құю бекеттері өзара келісіп бағаны әдейі көтерген болуы мүмкін». Бұл жөнінде ҚазТАГ жазады. Ал жергілікті шенеуніктер, қаладағы бекеттерде газ құнының неге шарықтап кеткенін білу мақсатында тексеру жұмыстарын жедел жүргізуде. Шахарда сұйық отын кешеден бастап қымбаттады. 25-27 теңгеден сатылып келген газ 40 теңгеге шарықтап шыға келген. Тіпті, кейбір газ құю бекеттерінде сұйық отын тапшылығы да байқалуда. Мұның соңы көлігі газбен жүретін ақтаулық жүргізушілерді абыржытып тастаған. Бұл жағдайға орай Ақтауда шұғыл шаралар қолға алынды. Бағаны тұрықтандыру мақсатында газ өңдеу зауыттарынан бірнеше көлік газ бекеттеріне жол тартты. Ондағы тиелген газ «ҚазМұнайГаз Өнімдері» серіктестігіне тиесілі 15 газ құю бекетіне таратылды.
Базаргүл
ОТЫНШИЕВА