$533.61 €621.07 ₽6.78
×

АҚШ Ауғанстан шекарасындағы контингентін ұлғайтпақ - Джордж Кролл

AstanaTV
11.02.2016ж. 20:00
1547
АҚШ Ауғанстан шекарасындағы контингентін ұлғайтпақ - Джордж Кролл

АҚШ Ауғанстан шекарасындағы контингентін ұлғайтпақ. Бұл жөнінде Құрама Штаттардың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролл мәлімдеді. «Ауғанстандағы жағдай әлі шиеленісіп тұр. Сондықтан елге коалиция шеңберінде қолдау көрсетеміз», - дейді дипмиссия өкілі. Айта өтейік, таяуда АҚШ барлау қызметінің жетекшісі Джеймс Клаппер осы елде орныққан «Талибан» лаңкестік тобының күшейгенін айтқан. Тіпті ДАИШ-тан асып түсуі мүмкін деген еді.

Еске салайық, жыл бұрын НАТО Ауғаныстан шекарасынан әскерін шығарған болатын. Қазір ол елде 10 мыңдай америкалық әскери қызметші ғана қалып отыр. Олардың міндеті ауғандық әріптестеріне тәлібтерден қорғанудың амалдарын үйрету.

Джордж Кролл, АҚШ елшісі:

Бұл сұрақ күн тәртібінен түскен емес. Қазақстан тарапымен де оны талқылап отырамыз. Біз Ауғанстанға қосымша күш жібермекпіз. Өйткені жағдай шынымен де қиындап барады. Ауған үкіметін барынша қолдаймыз.

Сондай-ақ, елшінің айтуынша, наурыз айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ басшысы Барак Обама кездесуі мүмкін. Наурыз айының 30 мен сәуірдің 1 аралығында Вашингтон қаласында ядролық қаруға қарсы саммит өтеді. Екі ел лидерлері аталмыш жиында кездесу өткізеді деп жоспарланған. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА