$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қытайдың халық банкі несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендетті

AstanaTV
14.05.2015ж. 10:00
1347
Қытайдың халық банкі несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендетті

Қытайда ұлттық валютамен несие беру көрсеткіші сәуір айында 40 пайызға қысқарып, 707,9 млрд юаньды құрады. Қытай халық банкінің ресми ақпаратына сай наурыз айында несиелік көрсеткіш 1 трн 180 млрд юаньды құраған еді. Bloomberg агенттігіне сұхбат берген қаржыгерлер көрсеткіш 903 млрд юаньға дейін төмендейді деп болжам жасаған.

Аспан асты елінің халық банкі өткен жұмада базалық пайыздық мөлшерлемесін 0,25 пайызға төмендетті. Бұл шара кәсіби белсенділікті сақтап, аймақтар мен компаниялардың қарыздық ахуалын жеңілдету үшін жасалды. Көрші елдің бас банкі негізгі мөлшерлемесін соңғы жарты жылда осымен үшінші рет төмендетіп отыр. Елдің несиелік саясатына қосымша жеңілдіктер алдағы уақытта да енгізілуі мүмкін. Төмендетілген несиелік мөлшерлеме бір жылға 5,1 пайызды, ал депозиттік мөлшерлеме 2,25 пайызды құрады. Пайыздық мөлшерлемесін төмендету арқылы Қытай шығынын қысқартып, экономикасын қолдай алады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ