Ресей бірінші наурыздан бастап
Сирия аумағында оқ атуды тоқтатуды ұсынды. Бұл туралы Рейтерс хабарлады. Ұсыныс
бойынша әзірге ешқандай келісім жоқ. Сирия дағдарысының шешімі Мюнхенде
өтетін халықаралық топтың отырысында
талқыланады деп жоспарлануда.
Келіссөз үстеліне Еуропалық одақ, Араб
мемлекеттерінің лигасы мен Ресей өкілдері жиналады. Күн тәртібіндегі басты
мәселе - оқ атуды тоқтатып, Башар Асад режимі мен оппозиция арасындағы
келіссөздер жолын іздестіру. Ресми Мәскеу бұл жоспарымен Вашингтонмен
бөліскен-ді. Алайда Ақ үй әкімшілігінің пікірі белгісіз. АҚШ жоспардың кей
тұстарымен келіспеуі мүмкін деген болжам бар. Ал Сауд Арабиясы наурызда ДАИШ-ке
қарсы Ислам әскери коалициясының отырысын өткізбек.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ