Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Президент премьер-министрден Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның міндеттерді тезірек орындауын талап етті

AstanaTV
14.05.2015ж. 13:00
840
 Президент премьер-министрден Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның міндеттерді тезірек орындауын талап етті

«Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия өзіне тапсырылған міндеттерді тезірек орындауға кіріскені жөн». Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысына осы тапсырманы жүктеді - деп хабарлады, Ақорданың баспасөз қызметі. Премьер-министр Кәрім Мәсімов бүгін мемлекет басшысының қабылдауында  болды. «Кездесу барысында Үкімет басшысы Президентке негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев комиссияның белсенді әрі тиімді жұмыс істегені маңызды екенін атап өтті. «Комиссия өзіне тапсырылған міндеттерді тезірек орындауға кіріскені жөн. Заңнамалық өзгерістер жобасының бір бөлігін Парламенттің қыркүйектегі сессиясына дейін әзірлеу керек, бұл алға қойылған міндеттерді уақытында жүзеге асыруға оң ықпал етеді», - деді Президент. Айта кетейік, Президент институционалдық бес реформаны жүзеге асыру мақсатында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құру туралы Жарлыққа 30-сәуірде қол қойғанын мәлім. Комиссияны Премьер-Министр басқарады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА