Жалпыұлттық
социал-демократиялық партиясы сайлауға түсетін кандидаттар тізімін ресми
тіркеді. Мәжілістегі орыннан үмітті 23 кандидат бүгін Орталық сайлау комиссиясында куәлік алды. Еске салайық,
ЖСДП - мерзімінен бұрын өтетін сайлауға қатысуға тіркелген 5-ші партия. Енді ресми тіркелмеген «Бірлік» партиясының
тізімі ғана қалды.
Асхат
Рахымжанов, ЖСДП сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары:
Парламент Мәжілісінен үміткер 23 кандидат сәтті тіркелді. Заң жүзінде партиялық тізімді
бекітуге ешқандай кедергі болған жоқ.
Орталық
сайлау комиссиясы партиялық тізім бойынша Мәжіліске кандидаттарды тіркеу
19 ақпанда, ал мәслихаттарға 23 ақпанда аяқталатынын еске салды. ОСК
төрағасының орынбасары Владимир Фоос 10 ақпанға дейін еліміз бойынша 6 800
кандидат мәслихат депуттатығына ұсынылғанын айтты. Оның 800-і тіркелген. Сайлау
учаскелерінде 92 225 адам жұмыс істейді. Олардың еңбекақысы ең төменгі
жалақының 3 еселенген көлемінен кем болмауы керек. Яғни 68 577 теңге. Ал
мәслихат кандидаттарының сайлау қоры 13 млн 718 мың 400 теңгеден аспауы тиіс.
Владимир Фоос, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Саяси
партиялар үгіт-насихат жүргізу үшін, өз қорларын құрады. Қажетті қаражатты
содан алады. Қаржылық жағдайына байланысты әр партияның қауқарын бағамдауға
болады. Саяси партиялар үшін 342 млн теңгеге дейін қор құруға рұқсат. Барлығы
мұндай сома жинай қоймас.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ