$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ақтөбе облысындағы білім беру саласында жемқорлық еселенген

AstanaTV
25.05.2015ж. 13:00
1565
Ақтөбе облысындағы білім беру саласында жемқорлық еселенген

Ақтөбе облысының білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс саны 2 есе ұлғайған. Осыған орай, қалалық білім бөлімінің жетекшісі Ләззат Оразбаеваға қатаң сөгіс жарияланды. Облыстың бас ұстазы Жанат Самұратоваға да сөгіс жарияланды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, аймақтағы тәртіптік кеңесінің кезекті отырысында белгілі болды. 2013- жылы Қылмыстық Кодекстің сыбайлас жемқорлық бабы бойынша тіркелген заң бұзушылықтардың төрттен бірі оқу ордаларында орын алса, өткен жылы «бармақ басты, көз қысты» әрекетке жол берген әрбір екінші азамат мектептер мен балабақшаларда еңбек еткені белгілі болған. Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Жақсылық Үмбетқалиев «мемлекетке келген шығын көлемі де шаш етектен» дейді. Мәселен, 2013- жылы 5 млн. теңгеден астам қаражат жымқырылса, өткен жылы 148 млн теңге қолды болған.

Жақсылық Үмбетқалиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Ақтөбе облысы тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі:

Сот шешімімен 76 млн теңгеден астам қаражатты өз қалтасына басқан «Қонжық» және «Орман ертегі» мектепке дейінгі мекемелерінің бұрынғы есепшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылды. «Бұлбұл» және «Аққайың» бала-бақшаларының да бұрынғы бас есепшілері де 7 жылға қамалды. Негізінен, білім беру мекемелеріне бөлінген қаржы жымқырылып келген.

Мансұр ЕСХОЖИН