Астанада «Қазмедиа орталығы»
ғимаратынан өрт дабылы қағылып, қызметкерлер эвакуацияланды. Дегенмен, өрт
ошағы анықталмады. Дабыл 11:30 шамасында дабыл қағылып, орталықтың барлық
қызметкерлері шұғыл түрде сыртқа шығарылды. Алдын-ала ақпарат бойынша, жалын
ғимараттың 17-ші қабатынан шыққан. Бір сәтте медиа орталықтың лифт қызметі
тоқтатылып, қызметкерлер апаттық баспалдақпен түсуге мәжбүр болды. Оқиға орнына
Өрт сөндіру қызметінің 6 арнайы техникасы тартылды. Сонымен қатар, жедел жәрдем
қызметі де орталыққа жетіп үлгерді. Оқиға орнын зерттеген мамандар, өрт
қауіпсіздігі жүйесінің өздігінен іске қосылғанын айтады. Дабыл түсісімен
автоматты түрде тараған аэрозольді әуелгіде түтін деп ойлаған.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ