$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Сирия бойынша келіссөздер 27 мамырға дейін жалғасады.

AstanaTV
25.05.2015ж. 13:00
1553
  Сирия бойынша келіссөздер 27 мамырға дейін жалғасады.

Астанада Сирия оппозициясы өкілдерінің келіссөзі басталды,-деп Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты ақпар таратуда. Келіссөздер 27 мамырға дейін жалғасады. Қазір әлем назары Таяу Шығыстағы оқиғаларға ауған. Сириядағы жағдай ушығып барады, сондықтан оны реттеу үшін өзгеше әрекеттер қажет. Қазақстан БҰҰ қамқорлығымен диалог пен ымыраласу жолдары арқылы Сирия еліндегі зорлық пен қантөгісті жедел тоқтату мақсатын көздейді. Осы ретте еліміз Сирияның саяси болашағын айқындауға бағытталған әрекеттерді қолдайды. Еске салайық, бұған дейін Сирияның оппозициялық күштер тобы Қазақстанға Сирия дағдарысын реттеу мәселесі бойынша келіссөздерде делдалдық ету туралы өтініш білдірген. Өз кезегінде, Қазақстан диалог үшін алаң ұсыну жайлы шешім қабылдады және келіссөздердің сәтті өтуі үшін қажетті жағдай жасады. Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, келіссөз жабық есік форматында өтіп жатыр.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА