«Ауыл» халықтық-демократиялық
патриоттық партиясының ОҚО филиалы төрағасы облыстық мәслихатқа үміткер ретінде
тіркелді. Қанатбек Досалиев құжаттарын Шымкенттегі нөмірі 46-шы облыстық сайлау
учаскесіне өткізді. Ол - осы учаскеде тіркелген алғашқы кандидат. Үміткер
несібесін жерден айырған ауылдағы ағайынның техникаға қол жеткізуіне қолбайлау
болатын қиындықтардан хабардар. Сондай-ақ партия жастар арасындағы
жұмыссыздық мәселесін шешу жолдарын қарастыруды мақсат еткенін жеткізді.
Қанатбек Досалиев бұған дейін облыстық мәслихаттың екі шақырылымында депутат
болған.
«Ауыл» партиясы атынан өңірде 39 кандидат тіркелген. Төртеуі облыстық
мәслихатқа, өзгесі аудан мен қалалық мәслихаттарға ұсынылған.
Қанатбек Досалиев, «Ауыл»
халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ОҚО филиалы төрағасы:
Дағдарыс кезінде көптеген
жастар қалада бос жүр. Міне, соларды біз ауылға тартуымыз керек. Соған
байланысты бағдарламамыз бар. Ауылға тартып, кіші шағын ауыл шаруашылығына
байланысты кәсіби орындарын ашып, сол арқылы тартып, біз соларға көмектесуіміз
қажет, аяғына тұрып кетуге және өздерінің жасап жатқан еңбектерінде нәтиже болу
үшін, біз соған жұмыс істеуіміз керек.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ