Павлодар қалалық Төтенше
жағдайлар басқармасының басшысы Михаил Романевич пара алды деген айыппен екі
айға қамауға алынды. Бұл туралы жергілікті прокуратура хабарлайды,-деп жазады
Интерфакс-Қазақстан. Құзырлы органның ақпарына сай, пара бос нысанды қолданысқа
беру туралы актіге қол қойдыру мақсатында берілген. Параның сомасы әлі
жарияланған жоқ. Қылмыстық істі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті тексеруде. Айта кетейік,
Михаил Романевич Павлодар қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы басшысы
қызметіне 2013 жылдың қараша айында тағайындалған.
Жұрағат БАМАН