$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қытай алтын өндірісі көлемін ұлғайтуда

AstanaTV
26.05.2015ж. 10:00
1516
Қытай алтын өндірісі көлемін ұлғайтуда

Қытай алтын өндірісі көлемін ұлғайтуда. Жуырда «Синьхуа» ақпараттық агенттігі  «China National Gold Group Corporation»  және ресейлік алтын өндіруші «Polyus Gold» компаниясы кеңейтілген әріптестік туралы келісімге қол қойғанын мәлімдеген болатын. Бұдан басқа, ақпарат агенттігі Қытайдың Сиань қаласында Жібек жолы алтын қорының құрылатынын жариялаған-ды. Мамандардың пайымынша, бұндай қадам алтын қорларын жалпы кеңістікте біріктіріп, бағалы металл нарығындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік туғызбақ. Осылайша, Қытай билігі халықаралық инвесторларға ішкі нарығын ашып, алтын бағасын реттеудегі юаньның бағамын салмақты етіп алмақ. Айта кетейік, Қытай бірнеше жыл қатарынан осы бағалы металл нарығын дамытуды қолға алды. Және алтын саудасы орталығын Лондон мен АҚШ-тан Шанхайға көшірмек ниетте.

Жұрағат БАМАН