$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Талибан» және Ауған билігі өкілдерінің Үрімшідегі келіссөздерінен кейін, Ауғанстанда кезекті жарылыс орын алды

AstanaTV
26.05.2015ж. 10:00
986
«Талибан» және Ауған билігі өкілдерінің Үрімшідегі келіссөздерінен кейін, Ауғанстанда кезекті жарылыс орын алды

«Талибан» ұйымы мен Ауған билігі өкілдерінің Үрімшідегі келіссөздерінен соң бір апта өткенде, Ауғанстанда кезекті жарылыс орын алды. Теракт кезінде 5 адам мерт болды. Тағы 60-қа жуығы  жараланған. Рейтерс агенттігінің ақпарынша, террорист жарылғыш зат толтырылған көлікпен келіп, жергілікті әкімшілік ғимараты жанында өзін-өзі жарып жіберген. Терактіні «Талибан» қозғалысы өз мойнына алып отыр. Ал «The Wall Street Journal» басылымының дерегінше, осыдан бір апта бұрын Үрімшіде «Талибан» және Ауған билігі өкілдерінің кездесуі өткен болатын. Онда екі тарап бейбіт диалог жөнінде әңгімелесуі тиіс еді,-деп жазады басылым.

Жұрағат БАМАН