Қазақстанда нағыз жаз
енді ғана басталғандай. Биылғы көктем салқын болып, жауыннан көз ашпаған тұрғындар
жарқыраған жылы ауа райын күткелі қашан. Бүгін Батыс Қазақстан және
Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз аптап ыстық болады деп күтіледі.
Сондай-ақ ыстық ауа райы Оңтүстік облыстарда да байқалады. Бұл жөнінде
Қазгидромет хабарлады,- деп жазады ҚазАқпарат. Осыған орай Алматы облысының кей
аумақтарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Алайда,өзге аймақтарда ауа-райы
әлі де салқын күйінде болады. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық
фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады.Найзағай
ойнап, бұршақ соғуы ықтимал. Екпінді жел сақталады. Ақмола, Солтүстік
Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түсуі мүмкін. Қостанай, Шығыс
Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20
метрге жетеді деп күтілуде.
Базаргүл
ОТЫНШИЕВА