Керекуде қалалық төтенше
жағдайлар қызметі басқармасының басшысы пара алу үстінде қолға түсті. Қазір ол
екі айға қамауға алынған. Бұл жайында ақпаратты, бүгін мемлекеттік қызмет
істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Павлодар облыстық
департаменті таратты. Құзырлы орынның дерегіне сай, өрт сөндіру қызметінің
полковнигі Михаил Романович коммерциялық нысанды пайдалануға рұқсат беретін
актіге қол қою үшін, кәсіпкерден делдал арқылы 90 мың теңге пара бопсалаған.
Шенеуніктің әрекетін құзырлы орган Қылмыстық Кодекстің 366 бабына, яғни
«бірнеше мәрте пара алу» дәйегіне жатқызыпты. Сондай-ақ, арада делдал болған
азаматқа «пара алуға итермелеу» дерегі бойынша айып тағылған. Аталған іске
қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, Михаил Романович Павлодар
қалалық төтенше жағдайлар басқармасы басшысы қызметіне 2013 жылдың қараша
айында тағайындалған болатын.
Руслан Куватов, Павлодар
облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеу бөлімінің басшысы:
Жеке кәсіпкер шенеуніктің ақша
талап етіп жатқандығы жайында шағым түсірді. Оның айтуынша, мемлекеттік
қызметкер бос нысанды қолданысқа беруге рұқсат ету актісіне қол қою үшін пара
сұраған. Бұл жерде арада делдал жұмыс істеген. Қосымша ақпараттар тергеу
барысына байланысты әзірге құпия.
Әсем МҰХИТОВА