$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Алматы және ОҚО мәслихат депутаттығына үміткер ұсынуда көш ілгері тұр

AstanaTV
12.02.2016ж. 20:00
2188
Алматы және ОҚО мәслихат депутаттығына үміткер ұсынуда көш ілгері тұр

Бүгінге дейін жергілікті мәслихаттар депутаттығына ұсынылған үміткерлер саны 7885 адамға жетті. Осылайша, қазірдің өзінде бір сенім мандатына екі немесе одан да көп үміткер таласқалы отыр. Облыстық мәслихаттарға ұсынылған азаматтар саны 866, Астана қаласында - 34, Алматы бойынша - 133.

Аудандық жергілікті өкілдіктерге 5403, ал қалалық мәслихат депутаттығынан 1449 адам үмітті. Жалпы тізімнің 1942-сі немесе 24,6 пайызы партиялық тізім бойынша. Қоғамдық бірлестіктерден 12 адам, яғни 0,2 пайыз. Ал өзін өзі ұсынғандар 5931 немесе барлық үміткерлердің 75,2 пайызы. Мәслихаттарға үміткерлерді тіркеу 19 ақпанға дейін жалғасады.

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Ең белсенді кандидаттардың ұсынылуы, мөлшері Алматы облысы және Оңтүстік Қазақстан облысы. Кейінірек келе жатқаны - батыс жақтың өңірлері. Енді өткен науқанмен салыстырғанда, парламенттік сайлау науқаны 2012 жылғы, олардың мөлшері келіп тұр. Бірақ алдымызда әлі сегіз күн бар.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ