$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қостанай облысында киіктердің қырылуына пастереллез ауруы себеп болды - АШМ

AstanaTV
26.05.2015ж. 20:00
1582
Қостанай облысында киіктердің қырылуына пастереллез ауруы себеп болды - АШМ

Қостанай облысында киіктердің қырылуына пастереллез ауруы себеп. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі ресми түрде осыны мәлімдеді, - деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан». 

Ал бір ғана Қостанай облысындағы «Алтын дала» резерваты аумағында көмілген киік тушаларының саны 103 мыңға тең. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент жетекшісінің міндетін атқарушы Алмас Оспанов хабарлады. Bnews.kz дерегінше, Қостанай облысында қырылған жануарлар саны 110 000 - 120 000 басқа жетуі мүмкін. Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті басшысы қалған жиырма мыңға жуық өлексені жерлеу қажеттігін айтқан.

Еске салайық, қырылған киіктер 12 мамырда табыла бастады. Жорамал бойынша, түз тағылары 10-11 мамырдан бастап жаппай қырыла бастаған. Өлекселер Ақмола, Ақтөбе облыстары аумағынан да табылды. Барлық дерек бойынша, жануарлардың инфекциялық ауру - пастеррелезге - шалдыққаны айтылуда. Дегенмен, нақты диагноз бойынша шетелдік мамандардың пайымы әлі белгісіз. 


Базаргүл ОТЫНШИЕВА