Қазақстанда АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы 9 теңгеге қымбаттады.
Бүгін Энергетика министрлігі бөлшек саудада мұнай өнімдерінің шекті бағасын
белгілеу туралы кезекті бұйрығын жариялады. Оған сәйкес дизель отыны мен АИ-80
бұрынғы бағада қалды. Ал 92 және 93-маркалы сұйық отын 9 теңгеге қымбаттап,
шекті бағасы 108 теңге болып белгіленді. Энергетика министрлігі бұны мұнай
бағасының өсімімен байланыстырып отыр.
Қуандық Құлмурзин, ҚР Энергетика министрлігі, мұнай
өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры:
60-65 доллар баррель бізге 92-бензинді 108 теңге шығарым береді. 60 доллардан азая бастаса баррелі, онда формула бойынша баға да төмендеуі мүмкін.
Ресейден дизель отынын тасуға 20 маусымға дейін жарияланған мораторий өз
күшінде. Ал жанармай еш шектеусіз еркін жеткізіледі. Министрлік елде
жанар-жағамай тапшылығы жоғын айтты. Бүгінде мұнай қоймаларында 238 мың тонна
АИ-92 барын қосты.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ