$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Қазақстан еңбек өнiмдiлiгi бойынша Ресей мен Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiн басып озды

AstanaTV
26.05.2015ж. 20:00
1125
Қазақстан еңбек өнiмдiлiгi бойынша Ресей мен Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiн басып озды

Қазақстан еңбек өнiмдiлiгi бойынша Ресей мен Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiн басып озды. Бұл туралы бүгiн «ҚР индустрияландыру бойынша бiрiншi бесжылдық қорытындылары мен екiншi бесжылдыққа арналған iс-қимыл жоспары» тақырыбын арқау еткен конференцияда Әсет Исекешев мәлімдеді. Инвестициялар және даму министрi Қазақстан экономикадағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша әлемнiң үздiк 50 елiнiң және өсiмi бойынша 20 елдiң қатарына кiргенін атап өтті. Бұл көрсеткiш бойынша мемлекетіміз тіпті Ресей мен Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiн басып озған.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсiбiндегi еңбек өнiмдiлiгi бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жетекшi елдерiмен салыстырғанда, айырмашылық қысқарған. Егер 2008 жылы елімізде еңбек өнiмдiлiгi 29 пайыз құраса, 2014 жылы бұл көрсеткiш 43 пайызға дейiн жеткен, - дедi министр. Оның мәлiметiнше, 2008-2013 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсiбiндегi еңбек өнiмдiлiгi 60 пайызға артып, жан басына шаққанда 51,5 мың доллардан асқан. Бұл жетістікке мемлекет тек индустрияландыру бойынша бiрiншi бесжылдықтың аясында жеткен.

Әсет Исекешев, ҚР Инвестициялар және даму министрi:

Қазақстанда іскерлік климат айтарлықтай жақсарды. Тұрақтылық пен Елбасының экономикалық саясатының арқасында әлем елдері Қазақстанға сеніммен қарайды. Инвестициялар бойынша посткеңестік кеңістікте біз ең тартымды мемлекеттердің бірі болып табыламыз. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында тек өңдеуші өнеркәсіпке 17 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылды.

Сонымен қатар, жиын барысында индустрияландырудың екінші бес жылдығының негізгі қағидаттары қаралды. Қазақстанды индустрияландыруда үздік әлемдік тәжірбиені енгізу жөнінде өз ойларымен шетелдік мамандар, оның ішінде Дүниежүзілік Банк өкілдері бөлісті. Қазақстан екінші бес жылдыққа арналған жоспардан жаңылмаса, 2035 жылы бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ене алады.

Айдын Құлсейітов, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ төрағасы:

Біздің есебіміз бойынша, Қазақстан әлем бойынша бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына 2035 жылы енеді. Егер индустрияландыру идеясы ұлттық идеологияға айналса, әрине. Қоғамда көптеген аңыздар болған еді. Индустрияландырудың бірінші бес жылдығында Қазақстан Германия, Жапония, Оңтүстік Корея мемлекеттерімен теңеседі десіп жатты. Әрине, бұл мүмкін емес. Елбасының өзі жолдауында Қазақстан үздік 30 елдің қатарына 2050 жылға таяу кіреді деп айтқан болатын. 

Берік ХАСЕНОВ