«Джиро де Италия» марафонында сынға түсіп жатқан «Астана» клубының спортшысы Микель Ланда 16-шы кезеңде топ жарды. 174 шақырымнан тұратын таулы жолда қарсылас шақ келтірмеген қазақстандық команданың өкілі жалпы есепте екінші орынға көтерілді. Тақырыпты Самат Қанағатов тарқатады.
«Джиро де Италия»
велокөпкүндігінің 16-шы кезеңінде командалар 5 жоғары дәрежелі шыңды
бағындырды. Бұл сында жарыс тізгінін таулы жолдың шеберлері қолға алды.
Жарыстың аяқталуына 60 шақырым қалғанда Альберто Контадордың доңғалағы тесіліп,
біраз біраз уақты жоғалтты. Бұл аралықты Ресейдің «Катюша» командасы көш
бастап, Контадордан ұзып кетуге аянып қалмады. Артынан «Астана» клубыда бірінші
рольге шығып, Фабио Арудың уақыт көрсеткішін жақсартуға тырысты. Дегенмен,
тәжірбиесі мол Альберто Контадопр араға 20 шақырым салып, өзінің басты
қарсыластарын қуып жетті. Межелі жерге 40 шақырым қалғанда «Тинькофф Саксо»
командасының капитаны шабуылға шықты. Фабио Ару мен Юрий Трофимов бұл қарқынға
шыдай алмай, артта қалды. Тек «Астана» командасының спортшысы Микель
Ланда-Контадордың жылдамдығына жауап бере алды. Арада біраз уақыт өьткеннен
кейін Трофимов та суырылып алға шығып, «Астана» клубының капитанын тастап кетті. Оның үстіне
Арудың доңғалағы тесіліп, ол тағы біраз уақыт жоғалтуға мәжбүр болды. Алға
суырылып шыққан Микель Ланда, Альберто Контадор және Стивен Крюйсвейк көш
бастады. Межелі жерге 4 шақырым қалғанда қазақстандық команданың өкілі шабуылға
шықты. Бастапқыда Альберто Контадор шыдап баққанымен артынан Ланданың қарқынына
төтеп бере алмады. Салдарынан Ланда қатарынан екінші кезеңде топ жаруға
мүмкіндік алды. Сәт сайын қарсыластарынан ұзай берген «Астана» клубының
спортшысы Мортироло шыңын жеке дара бағындырып, 16-шы кезең жеңімпазы атанды.
Жеңімпаздан 38 секундқа қалып қойған Крюйсвейк пен Контадор екінші және үшінші
орындарға табан тіреді. Ал қалған 40 шақырымды жалғыз бағындырған Фабио Ару
командаласынан 2 минут 51 секундқа қалып қойып, мәре сызығын 7-ші болып
кесті. Бұл жетістігінен кейін Микель
Ланда жалпы екінші орынға көтерілді. Ол Контадорға 4 минут 2 секунд ұтылып
келеді. Ал Ару болса, бұл кезеңнен кейін, үшінші сатыға ығысты.
Самат ҚАНАҒАТОВ