Қызылжарда мүлікті заңдастыру
науқаны жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Бұл жайында біздің арна тілшілеріне
қалалық әкімдік мамандары мәлімдеді. Жыл басынан бері облыс бойынша жеке
мүлікті жариялауға ынта білдірген тұрғындар тарапынан 450 өтініш түскен.
Бүгінде оның тең жартысы жүзеге асқан. Заңдастырылған мүліктің жалпы сомасы 854
миллион теңгеге тең. Айта кету керек, ауылды жерлердегілерге қарағанда, қала
тұрғындарының белсенділігі жоғары. Тек Петропавлдың өзінде 255 адам тіркелмеген
мүлігін жариялаған. Ал «Елбасы алға тартқан 100 қадам бағдарламасы арқасында
ниет білдірушілердің саны бұдан да көбею мүмкін. Себебі, өтініштерді қабылдау
тәртібі біраз жеңілдемек», - дейді
заңдастыру комиссиясының мүшесі Қанат Баркитов.
Қанат Барқытов, Петропавл
қаласы әкімінің аппараты заң бөлімінің жылжымалы мүлікті заңдастыру бойынша
комиссиясы хатшысы:
Облыс тұрғындары жалпы сомасы
екі жарым млрд теңгені құрайтын мүлікті заңдастыруға өтініш берді. Осы уақытқа
дейін Петропавл бойынша 107 нысан заңдастырылды. Жұрттың жеке мүлкі арнайы
ережеге сәйкес ресми түрде жарияланады. Болашақта бұл тәртіп жетілдей түседі.
Абзал ҚҰРМАНКИН