$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Үндістанда аптап ыстық салдарынан қаза тапқандардың саны 1100 адамнан асты

AstanaTV
27.05.2015ж. 10:00
1241
Үндістанда аптап ыстық салдарынан қаза тапқандардың саны 1100 адамнан асты

Үндістанда аптап ыстық салдарынан қаза тапқандардың саны 1100- адамнан асты. Елдің кей аумақтарында ауа температурасы +50-градусқа жақындаған,-деп хабарлайды Би-Би-Си.  Қаза болғандардың басым бөлігі Телангана, Андхра-Прадеш оңтүстік штаттарында орын алған. Сондай-ақ, Раджастхан, Батыс Бенгалия және Одиша штаттарында 50-ден астам адам көз жұмды. Андхра-Прадеш штатының билігі жедел көмек көрсету бекеттерін ашқан. Мұнда ыстықтан қиналған тұрғындарға ауыз су мен сүт беріледі. Синоптиктер таяу күндері кей аудандарда температура аздап төмендейді деп болжам жасап отыр. Үндістан билігі болса, азаматтарды абай болуға, мүмкіндігінше, үй-жайларынан сыртқа шықпауға шақырады. Айта кетейік, Үндістанда өткен аптадан бері аптап ыстық орын алды. Елдегі Метеорология департаменті өткен дүйсенбіні ең ыстық күн ретінде тіркеген. Бұл күні мемлекет астанасы Нью-Делиде температура +46,4 градусқа жетті.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА