Еуразиялық
экономикалық одақ құрамындағы елдерде орташа жалақы Қырғызстандағы айлық
табыстан 2-3 есе жоғары. Бұл есепті КирТАГ агенттігі жасап шығарды. Агенттік
ТМД мемлекет аралық статистикалық комитетінің ақпан-наурыз айларындағы
мәліметтері мен Қазақстанның наурыз айындағы статистикасына жүгініп, Одақ
құрамындағы елдердің еңбекақысына зерттеу жүргізген. Есеп бойынша ең төменгі
жалақы Қырғызстанда. Оның көлемі 11 703 сом немесе 200 доллар. Арменияда - 363 доллар. Белоруссиядағы жалақы Армениядан
90 долларға артық. Яғни 450 доллардан асады. Ресейдегі орташа жалақы 629 АҚШ
валютасын құрайды. Ал ең жоғары жалақы Қазақстанда делінген: 132,5 мың теңге
немесе 713 доллар. Агенттіктің есебі бойынша ең бай зейнеткерлер де біздің
елде. Қазақстандағы орташа зейнетақы 50 549 теңге, яғни 272 доллар. Ал ең
төменгі зейнетақы тағы да Қырғызстанға тиесілі. Айына 78 доллар.
Айгүл
ӘДЕПБАЙ