$540.78 €618.65 ₽6.71
×

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевты қабылдады

AstanaTV
27.05.2015ж. 13:00
1122
 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевты қабылдады. Жұмыс кездесуі барысында Вице-премьер халықты әлеуметтік қамту мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылу барысын баяндады. Бердібек Сапарбаев жұмыспен қамту жол картасы  мен «Нұрлы жол» бағдарламаларының халықты биыл жұмыспен қамтуға белсенді жәрдем ету шаралары арқасында 320 мың адам еңбекпен қамтылып, алдағы уақытта кешенді бағдарламалардың жұмыссыздық деңгейін 5,2 пайыз шамасында ұстап тұруға мүмкіндік беретінін айтты. Кездесу барысында тозығы жеткен екі ауысымды апатты мектептер мәселесі де сөз болды. Президент премьер-министрдің орынбасарына 5 халықтық реформа аясындағы «100 қадам ұлттық іс-қимыл» бағдарламасы бойынша да нақты тапсырмалар жүктеді. Соның бірі алдағы уақытта қарқынды дамитын индустрияландыру саласына маман дайындау жұмысы.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Кәсіптік-техникалық жоғарғы оқу орындарында келісім-шартпенен дайындау. Қазіргі мемлекетіміздегі жүріп жатқан индустриялды-инновациялық бағдарламаға мамандар дайындау. Келесі бір мәселе ол халықтың денсаулығы жөнінде. Ол жөнінде Нұрсұлтан Әбішұлы арнайы тапсырма берді. Сақтандыру тәсілін енгізіп, мамандарды денсаулық сақтау саласының қазіргі талабына сай дайындау жөнінде. Жалпы енді берлген тапсырма кешегі қабылданған 5 реформаға сәйкес 100 қадамды орындау. Оны халыққа түсіндіріп айту, әсіресе әлеуметтік салады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ