Түркияның
Хатай провинциясында өткен ғылыми конференцияда Қазақстан Президентінің
бес институционалдық реформасын жүзеге асыру үшін белгіленген 100 қадам жобасы
қызу талқыланды. Сарапшылар, қазіргі кезде әр мемлекет алдағы жоспарын нақтылап
алуы шарт екенін, бұл орайда Қазақстан көрегендік таныта білді, деп санайды.
Мехмет
Өнтүрік, Түркия парламентінің депутаты:
Қазіргі күні төрткүл дүние өзгеріс үстінде, яғни жаһандану дәуірі. Кім қауқарсыз, сол жұтылып кетеді. Ол экономикалық немесе саяси тұрғыдан болсын. Ал осындай өзгеріс кезінде әр мемлекет өз-өзін сақтап қалу үшін, аяққа нық тұруы тиіс. Яғни дағдарыс дауылына тап болмаудың жолын қарастырғаны жөн. Осыны ескеріп, алдын ала мега жобаларды қолға алған қазақ елі талай белесті бағындырады деп сенеміз.
Жансейіт
Түймебаев, ҚР
Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:
Қазақстанда
соңғы болып жатқан жаңалықтар мен реформалар, оқиғалар мен елге байланысты
жасалып жатқан жағдайларға түркі мемлекетінде де әрқашан терең қызығушылық
танытуда. Соның бірі - Елбасымыздың «Бес реформа - 100 қадам» концепциясы - бұл елдегі
экономистер тарапынан да үлкен қолдау табуда.
Самат СҮЛЕЙ